Қазақстандық «КазРесурсСнаб» компаниясы майлау материалдарын, темір жол қондырғыларына, тасымалдау жабдықтарына төлнұсқалық құрамдастарды жеткізу бойынша өз қызметтерін ұсынады. Біз бүкіл Қазақстан бойынша ең ірі жеткізушілердің бірі болып табыламыз. «КазРесурсСнаб» компаниясында Сіз өнімдерді зауыттық баға бойынша топтап, жекелей сатып алуды жүзеге асыра аласыз. Кең ауқымды ассортимент, серіктестіктің тиімді шарттары мен жедел жеткізу – басқа ұйымдармен салыстырғандағы біздің негізгі басымдылықтарымыз болып табылады. Алыс және жақын шетел мемлекеттерінен әкелінген тауарлар бойынша біз тексерілген өндірушілермен ғана жұмыс жасаймыз.
«КазРесурсСнаб» компаниясы үнемі даму үстінде. Біз жаңа тексерілген, өздерін көрсете білген өндірушілермен шарт жасасамыз, осылайша ұсынылатын өнімдердің түрлерін үнемі арттырып отырамыз.
Жан-жақты даму, кеңею және жаңа бөлімдерді қосу (автотехника, темір жол, шикізат материалдары) компания үшін бәсекеге қабілетті болуға және болашағынан үміт күттіруге мүмкіндік береді.

Сертификаттар